Аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 275-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 728-ОД бұйрығынан келесі сөздер алынып тасталсын:
«Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, «Научно-производственное объединение «Центральный научно-исследовательский институт технологии машиностроения» АҚ бұзбай бақылау сынақ зертханасы («НПО «ЦНИИТМАШ» АҚ ББСЗ) ЖШС сынақ зертханасының 27.09.2017 жылғы берілген KZ.T.00.1935 аккредиттеу аттестаты;
«Ақтау қаласы, «Кен Айдан» ЖШС сынақ орталығының 19.07.2017 жылғы берілген KZ.T.13.1902 аккредиттеу аттестаты;
«Шымкент қаласы, «Паритет» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 19.04.2018 жылғы берілген KZ.P.16.1362 аккредиттеу аттестаты;
«Тараз қаласы, «КазВетАгро» ЖШС сынақ зертханасының 09.07.2019 жылғы берілген KZ.T.08.2236 аккредиттеу аттестаты;».
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

