«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 21 маусымнан 2024 жылғы 21 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау институтының радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасының № KZ.T.01.1431 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақсай қ., «Везерфорд Ойлфилд Сервисез» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.2231 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау қ., «РауанНТех» сынақ зертханасының № KZ.T.06.0368 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.02.0360 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

