Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 01 маусымдағы № 24 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «Өнімдер, қызмет сертификаттау орталығы» ЖШС-нің сынақ орталығы аккредиттелсін.
-
Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-нің біліктілікті тексеру провайдерінің ГОСТ ISO/IEC 17043-2025 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеру провайдерлерінің құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартына өтуіне байланысты 26.04.2022 жылғы № KZ.C.09.E0942 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
-
Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне 20.05.2021 жылғы № KZ.P.10.E0233 акредиттеу аттестатына қатысты Қарағанды қ., «Maker (Мэйкер)» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының (Орталық зауыт зертханасының) заңды мекенжайының Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Орлов көшесі, 103/2 құрылыс жаңа заңды мекенжайға өзгерген тұралы мәлімет еңгізілсін.
-
ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне Алматы қ., «Өнімдер, қызмет сертификаттау орталығы» ЖШС-нің сынақ орталығы еңгізілсін.
5. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
7. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармақ бойынша - Аппарат басшысы М. Копабаевқа, 6 және 7 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

