«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 26 маусымнан 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының сынақ орталығының № KZ.T.14.1293 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақтөбе қ., «ЦСМ Батыс» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.05.1898 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 813-ОД 22.06.2022 Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

