«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 27 қаңтардан 2022 жылғы 27 сәуірге дейін ұзартылсын:
1) Павлодар облысы, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ Электр станциясының Жылумеханикалық жабдықтарды сынау және реттеу цехінің өлшеу-аналитикалық зертханасының № KZ.T.14.1257 аккредиттеу аттестаты;
2) Тараз қ., «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.08.0135 аккредиттеу аттестаты;
2. Алматы қ., «Центр Консалтинг» ЖШС аналитикалық зертханасының № KZ.T.02.1843 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 27 қаңтардан бастап 2022 жылдғы 14 наурызға дейін ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 81-ОД 27.01.2022 Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

