Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 24 маусымдағы № 167 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Өскемен қ., «НПО Движение» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2) Орал қ., «Уральскводстрой» АҚ-ң сынақ зертханасы;
3) Павлодар қ., орталық зауыт зертханасының– «Алюминий Казахстан» АҚ-ң техникалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «Қазсертик – А» ЖШС-ң сынақ орталығы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Атырау қ., «ЭлектроСтройМонтаж» ЖШС-ң калибрлеу зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «Yard-consult» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Ақтау қ., «ДАЕРС» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
3) Алматы қ., «НОБЕЛ АЛМАТИНСКАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ФАБРИКА» АҚ-ң сынақ зертханасының;
4. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы «Айгера-Азия» ЖШС-ң бұзбайтын бақылау сынақ зертханасының, аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
7. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

