«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 25.06.2025 жылғы № 255500610000001 қаулысына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Мониторинг және талдау басқармасы 30.06.2021 жылғы № KZ.T.14.E0364 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалы сынақ орталығын 2026 жылғы 6 қаңтарына дейін аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
- Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның веб-сайтына орналастырсын.
- Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме:
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің
11.07.2025 жылғы № 25-16.1-07/311 хаты.

