Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) 2024 жылғы 19 маусымдағы № 163 және № 164 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасынегізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органдары аккредителсін:
1) Алматы қ., «Казэкспоаудит» ЖШС-ң қызметтері өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2) Алматы қ., «Oilsert International/ Ойлсерт Интернейшил» ЖШС- өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Орал қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық зертханасы, аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы облысы, Қаскелең қ., «ATI Company LTD» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ., «Шым Авто Серт» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Атырау қ., «Chi Electric» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Талдықорған қ., «Medi TEC-NS» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Атырау қ., «Batys-7» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Текелі қ., «Текелийский энергокомплекс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
7) Семей қ., «АЙ-АР» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
8) Орал қ., «Орал-Жер» ЖШС-ң сынақ орталығы;
9) Алматы облысы, Қырғауылды ауылы, «PLANK» ЖШС сынақ зертханасы;
10) Өскемен қ., «Промбезопасность и охрана труда» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
11) Қарағанды қ., «Казахстан Сертификация» сынақ зертханасы;
12) Петропавл қ., «Baltic Control KZ Certification»/ Балтик Контрол КЗ Сертификейшн, г. Петропавловск ЖШС Солтүстік Қазақстан филиалының сынақ зертханасы.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК «Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы» персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның Астана қ.аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ орталығының Шығыс Қазақстан филиалы, Өскемен қаласы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Алматы қ., «ADK-Metrology Service» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң сапа қызметінің «Метрология және өлшеу құралдарын инспекциялау» мамандандырылған кәсіпорнының Орталық өңірлік басқармасы Балқаш өңірінің өлшеу құралдары цехының салыстырып тексеру зертханасынан / Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң сапаны басқару дирекциясының «Қазмыс Сервис» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш өңірінің өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Жетісу облысы, Текелі қ., «Текелі энергокешені» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9. «ҰАО» РМК аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. «ҰАО» РМК-ң Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
11. «ҰАО» РМК-ң Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
12. Осы бұйрықтың орындалуынбақылау «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары Н.Т. Шокбарбаевқа жүктелсін.
13. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

