Талдықорған қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Талдықорған филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңартудан бас тарту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы тамыз айының 14 күнгі № 66-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Талдықорған қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Талдықорған филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген №1 Қосымша/ №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңғыртудан бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

