Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына
сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 10 маусымдағы күнгі № 221-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Компания ECOS» ЖШС калибрлеу зертханасының 2016 жылдың тамыз айының 05 күні берілген KZ.К.02.1776 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртудан бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

