«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 16 шілдеден 2025 жылғы 16 қазанға дейін ұзартылсын:
1) "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ (ҰлтССО) Астана филиалының тексеру зертханасының №KZ.P.01.0833 аккредиттеу аттестаты;
2) «Согра ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің санитарлық-өнеркәсіптік талдау зертханасы №KZ.T.07.0618 аккредиттеу аттестаты;
3) Көкшетау қ., «Палата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығының № KZ.T.03.0767 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

