«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 267500610000009 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
«ҰАО» РМК Бас директорының «Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы» 2026 жылғы 20 мамырдағы № 746 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерту енгізілсін:
бұйрықтың 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мониторинг және талдау басқармасы 2022 жылғы 22 маусымдағы № KZ.P.02.E1144 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 0,016-дан 40 м³/сағ дейінгі өлшем диапазоны бар тұрмыстық диафрагмалық газ есептегіштерін салыстырып тексеру бөлігінде, «Aktobe Gaz Innovation» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің филиалы (БСН 160941026637) аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
-
Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
-
Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
-
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

