«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына және «StroyKazExpert» ЖШС-мен жасасқан 2021 жылғы 17 мамырдың № Е 04-04/100 И-пост аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 08/01-7440-НЦА/4143 хабарламаға сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
«StroyKazExpert» ЖШС сынақ (жылжымалы) зертханасының 2021 жылғы 17 мамырдың № KZ.T.01.E0198 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
-
Экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
-
Мониторингтеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
-
Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

