Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы тамыз айының 14 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 64 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
Алматы қ., «Казахстанский центр качества» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., «СТиК СМ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Рудный қ., «Рудныйсоколовстрой» АҚ-ң құрылыс зертханасы;
Өскемен қ., «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КАҚ-ң топырақты агрохимиялық талдау сынақ зертханасы;
Атырау қ., Құрманғазы ауылы, Құрманғазы аудандық ветеринариялық зертхана бөлімшесі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ң Атырау облыстық филиалының сынақ зертханасы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы «Алматы-Стандарт» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Алматы қ., «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-ң филиалы Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институтының сынақ зертханасы.
3.2 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Қарағанды қ., «Казахстан Сертификация» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «Востокэнергосервис» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
Өскемен қ., «Востокэнергосервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ң «Түсті, асыл, сирек және шашыранды металдар металлургиясы» сынақ зертханасы атауы «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КАҚ-ң «Түсті, асыл, сирек және шашыранды металдар металлургиясы» сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ң «ІРГЕТАС» инженерлік бейіндегі аймақтық университет зертханасының сынақ зертханасы атауы «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КАҚ-ң «ІРГЕТАС» инженерлік бейіндегі аймақтық университет зертханасының сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ң құрылыс өнімдердің сынақ зертханасы атауы Өскемен қ., «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КАҚ-ң құрылыс өнімдердің сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ң автокөліктердің майын және отындарын сертификаттау бойынша сынайтын ғылыми-өндірістік орталығының сынақ зертханасы атауы Өскемен қ., «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КАҚ-ң автокөліктердің майын және отындарын сертификаттау бойынша сынайтын ғылыми-өндірістік орталығының сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

