Алматы қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының сынақ орталығының «Ойын автоматтары» өнімдері бойынша аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 31 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 4-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының сынақ орталығының 18.06.2020 жылы берілген № KZ.T.02.0498 «Ойын автоматтары» өнімдері бойынша аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

