«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 14 тамыздан 2020 жылғы 14 қарашаға дейін ұзартылсын:
- «ALS KazLab» ЖШС «Пустынное» сынақ зертханасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Пустынное» кен орны KZ.T.10.1636 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының сынақ зертханасы KZ.И.05.0781 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы KZ.T.13.0784 аккредиттеу аттестаты;
-«NewSurvey Kz» (НьюСюрвей Кз) ЖШС сынақ зертханасы KZ.И.03.1635 аккредиттеу аттестаты;
-«Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС сынақ зертханасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Урдинская көшесі, 1 А KZ.И.09.0674 аккредиттеу аттестаты;
-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныныңҚызылорда облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы Қызылорда қаласы, KZ.M.12.1633 аккредиттеу аттестаты;
-«Атырау-Жарық» АҚ салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қаласы, KZ.П.06.0843 аккредиттеу аттестаты;
- «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ салыстырып тексеру зертханасы Астана қаласы, KZ.P.01.0890 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 14 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

