Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 11 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 36-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ., Маңғыстау филиалы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 01.07.2019 жылы берілген № КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «құрылыс өнімдері» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

