«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 2020 жылғы 20 шілдеден 2 тамызға дейін және 3 тамыздан 17 тамызға дейін ұзарту туралы шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұлдыз» ЖШС сынақ зертханасының 2015 жылдың 24 сәуірдегі KZ.T.16.0608 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 19 маусымнан 2020 жылғы 17 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 19 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

