Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
«Научно-исследовательский центр экологии и окружающей среды Центральной Азии» ЖШС сынақ зертханасының 2024 жылғы 29 наурыздағы KZ.T.02.2149 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Аппарат басшысы М.Б.Копабаевақа, 3 және 4-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А.О.Мамбетaевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
