«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 2020 жылғы 20 шілдеден 2 тамызға дейін және 3 тамыздан 17 тамызға дейін ұзарту туралы шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Гелиос» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 15 мамырдағы КZ.П.02.0642 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың және қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 15 мамырдан 2020 жылғы 21 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 15 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

