«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 20 мамырдан 2026 жылғы 20 тамызға дейін ұзартылсын:
1) «Aktobe Gas Innovation» ЖШС Орал қаласындағы филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.09.E0231 аккредиттеу аттестаты;
2) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу кешенді зертханасының № KZ.T.06.E0230 аккредиттеу аттестаты;
3) «Бағалы металлдар мен асыл тастарды тәуелсіз сараптау орталығы" ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0227 аккредиттеу аттестаты;
4) Орал қ., «Уралводпроект» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.E0228 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 20 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

