Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2021 жылғы 10 маусымдағы № 220-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Алматы қ., «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау органының 2017 жылдың 22 желтоқсанында берілген № KZ.V.02.1990 аккредиттеу аттестаты қайты жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

