Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 27 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 25 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «KJFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
2) «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Кентау қ.;
3) «ALAR GROUP» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбайтын бақылаудың жылжымалы сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
4) «Өртке қарсы қызмет көрсету орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
5) «Жетісу аграрлық сараптама» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Талдықорған қ.;
6) «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-ң «IРГЕТАС» инженерлік бейіндегі өңірлік университеттік зертханасының сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
7) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша экология департаменті» РММ Зертханалық-сынақ бақылау бөлімінің сынақ зертханасы, Астана қ.;
8) «Golden-service NA» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
9) «Astana Roads» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
10) «СЖС Қазақстан ЛТД» ЖК ЖШС-ң, мұнай сынақ зертханасы Маңғыстау облысы, Ақтау қ.;
11) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК қоршаған ортаның ластануын мониторингтеу сынақ зертханасы, Астана қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалының химиялық сынақ зертханасы , Атырау қ.;
2) «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС филиалының сынақ орталығы, Алматы қ.;
3. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты «ҚазАТО оқу-сертификаттау орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты «Loco Centre» ЖШС салытырып тексеру зертханасының, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

