Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 15 мамырдағы № 13-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Атырау қ., «Batys-7» ЖШС-нің сынақ зертханасы 20.06.2024 жылғы № KZ.T.06.2217 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын ҚР СТ 1418-2018 бойынша аккредиттеу саласының және КО ТР 018/2011 бойынша қосымша аккредиттеу саласының «M1, M2, N1, N3 санаттарындағы көлік құралдары»» сәйкестікті бағалау объектілері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

