Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 02 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 360 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Optimum Metrology Services» ЖШҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Баку қ.;
2) «Эксперт ЛАБ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ;
3) «Талас Investment Company» ЖШС-ң өндірістік зертханасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қ.;
4) «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» АҚ-ң Коммерциялық емес сынақ зертханасы, Алматы қ.;
5) «Public Health Inspection» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
6) «KazTehService» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
7) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ-ң филиалы «Алматы жүйеаралық электр желілері» салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
8) «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ң сынақ орталығы, Орал қ.;
9) «PROСЕЙСМОKZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
10) «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті.
11) «BUILDING+» ЖШС-ң тексеру зертханасы, Сарыағаш қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ң филиалының Мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
2) «Каустик» АҚ-ң сынақ орталығы, Павлодар қ.;
3) «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ң Солтүстік Қазақстан филиалы, Петропавл қ.;
4) «Алматы-Стандарт» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.
5) «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС-ң сынақ орталығы, Степногорск қ.;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
2) «LLP ROYAL» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
3) «Тау» ҮЕҰ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның Маңғыстау филиалы,
Ақтау қ.;
4. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатын қайта ресімделсін:
1) «Аспан» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
2) «Жаңа Консалтинг ЛТД» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) «Стройкомбинат» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қаласы.
5. Атауының өзгеруіне байланысты «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ң филиалы, Атырау қ., аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 736-ОД 08.06.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

