Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 15 мамырдағы № 13-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның Алматы филиалы 02.10.2024 жылғы № Қосымша 1 / КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «29. Қоғамдық тамақтану қызметтері. Қоғамдық тамақтану қызметтері (мейрамхана, кафе, асхана, бар, дәмхана және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының басқа да түрлері), қоғамдық тамақтану қызметтеріне қолданылатын» сәйкестікті бағалау объектісі бойынша, оның ішінде аккредиттеу саласының 102–107-тармақтарын қоса алғанда, аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

