Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы тамыз айының 11 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 63 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар»
1.1 Келесі ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органдары аккредиттелсін:
Ақтөбе қ., «Манар» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
Алматы қ., «Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс зертханасы» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2. ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Қызылорда қ., «Metrology KZ (Метрология KZ)» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін.
3. 2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ., «Greenesta» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «FSD» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шымкент қ., «Asia Trafo» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылы, «Республиканский центр почвы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Петропавл қ., «Agro Lab» ЖШС-ң агрохимиялық зертханасы;
Атырау қ., «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КАҚ-ң «Мұнайхимиясы» инженерлік бейіндегі зертханасы;
Алматы қ., «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «STD products» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Көкшетау қ., «NewSurvey Kz» (НьюСюрвей Кз) ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Ақтау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы;
Степногорск қ., «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС-ң экологиялық мониторинг сынақ орталығы (стационарлық/мобильдік);
Алматы қ., «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Петропавл қ., «ЗерноАгроЭксперт» ЖШС-ң сынақ орталығы.
4.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне және ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Тараз қаласы әкімдігінің энергетика және тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК-ң сынақ зертханасы атауы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК-ң сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
4.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы «Алматы-Стандарт» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Нұр-Сұлтан қ., «SAPA-A» фирмасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
5. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2,3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

