Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 14 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 222 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«QazLab Research & Testing Center» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«АгроЭксперт» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«КазТрейдСервис Групп» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Отрар и К» ЖШС сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ қоршаған ортаны қорғау сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
2.2 Келесі аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты:
«Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының калибрлеу зертханасы, Алматы қаласы;
2.3 Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен жайы атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Түркістан облысы, Сайрам ауданы;
2.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты:
«QS Azia Sertik» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.;
«Т-Стандарт» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.;
3. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

