«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 23 қаңтардан 2022 жылғы 23 сәуірге дейін ұзартылсын:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бақылау-сынақ орталығының № KZ.T.07.0026 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қаласы, «ЦеЛСИМ» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0089 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтөбе облысы, «Восход Хром» ЖШС техникалық бақылау бөлімі сынақ зертханасының № KZ.T.05.1837 аккредиттеу аттестаты;
4) Батыс Қазақстан облысы, «Елжас» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.1836 аккредиттеу аттестаты;
5) Орал қаласы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сынақ орталығының № KZ.T.09.0147 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 73-ОД 26.01.2022 Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

