Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 11 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдарды әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Шымкент қ., «Көлік сынақ зертханасы» ЖШС-ның, инспекциондық органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ., «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС-ның өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орталық органы аккредиттелсін.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Астана қ., Астана қаласы «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның сынақ зертханасы;
2) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» РММ-нің сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «РЕРС Engineering» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «ЮжКазСтандарт-Сервис» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
5) Астана қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі ветерианриялық бақылау және қадағалау Комитеті «Ветерианрия бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ның сынақ зертханасы;
6) Астана қ., «ТЕПЛОСВЕТ KZ» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
7) Тараз қ., «VID SPB» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
8) Астана қ., «Астанақұрылыссервис» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
9) Атырау қ., «Геоэкосервис» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
10) Астана қ., ПК «Качество» сынақ зертханасы;
11) Астана қ., «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның сынақ зертханасы;
12) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз мұнай кен орны «Теңізшевройл» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
13) Өскемен қ., «Өскемен ЖЭО» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
5. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Астана қ., «NDT Cert» ЖШС-ң персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органынның;
2) Ақтөбе қ., «Eco Project Company» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
6. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Тараз қ., «КАЗФОСФАТ» ЖШС-ң сынақ орталығының;
2) Ақтау қ., «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
7. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Астана қ., «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
8. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастырылуына байланысты Алматы қ., «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ның сынақ зертханасынан Алматы қ., «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
9. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапамен құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты Атырау қ.,
«Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК диагностикалық зертханасы медициналық зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
10. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO 22003-1-2023 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі 1-бөлім Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне аудитті және сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Қостанай қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
11. «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
12.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
13. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
14. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
15. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

