Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 27 мамырдағы № 142 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Ақтөбе қ., «Gaz Equipment Safety» («Газ Экюпмент Сафети») ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Булаев қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық бөлімшесінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сынақ зертханасы;
2) Астана қ., «QualityCheck» ЖШС сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Dcert company» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
4) Астана қ., Астана қаласындағы «Гигиенист VII» ЖШС филиалының сынақ зертханасы;
5) Алматы облысы , Талғар ауданы, Талғар қ., «Caspian Offshore Construction Realty» (Каспиан Оффшор Констракшн Реалти) ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Ақмола облысы, Степногорск қ., «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС-ң экологиялық мониторингінің (стационарлық/мобильді) сынақ орталығы;
7) Қостанай қ., «Теплосервис» өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС тексеру зертханасы;
8) Алматы қ., «КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны ЖШС-ң бұзбайтын бақылау жөніндегі сынақ зертханасы;
9) Астана қ., «Исследовательский центр по безопасности охране труда, промышленной безопасности» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Көкшетау қ., «Инновациялық Энергоцентр» ЖШС калибрлеу зертханасының;
2) Көкшетау қ., «Инновациялық Энергоцентр» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы зертханасының;
3) Алматы қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
4. Аккредиттеу саласын қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «Центр испытаний качества продукции» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Астана қ., «ЭКОС» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасының;
3) Ақтөбе қ., «STEP-MS» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
4) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының калибрлеу зертханасының;
5) Атырау қ., «OVS сертификаттау орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының.
5. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2022 «Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» стандартына өтуіне байланысты Астана қ., «Ecology Business Consulting» ЖШС-ң валидация және верификация жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
8. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

