«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 23 қаңтардан 2025 жылғы 23 сәуірге дейін ұзартылсын:
- Ақтау қ., «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.13.0669 аккредиттеу аттестаты;
- Орал қ., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Орал сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.09.0402 аккредиттеу аттестаты;
- Астана қ., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің сынақ зертханасының № KZ.T.01.2301 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

