Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) және 5) тармақшаларына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 04 мамырдағы № 12-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Алматы қ., «QAZ EXPERT SM» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 15.09.2023 жылғы № KZ.P.02.2578 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «01, 03, 09, 10, 12, 13 өлшем түрлері» бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

