«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылсын:
1) Алматы облысы, «Центр сертификации «Standlab» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.04.2355 аккредиттеу аттестаты;
2) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығының № KZ.T.11.0840 аккредиттеу аттестаты;
3) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.11.1930 аккредиттеу аттестаты;
4) «Қазхром» Трансұлттық компания» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты» қоршаған ортаны қорғау зертханасының № KZ.T.14.0609 аккредиттеу аттестаты;
5) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.11.0845 аккредиттеу аттестаты;
6) «Метрологический центр Актобе» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.1532 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

