31.05.2024 жылдын № 35-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының 2024 жылғы 31 мамырдағы 703-НҚ бұйрығының 1-тармағына келесі редакцияда жазылсын:
«1. Талдықорған қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының сынақ зертханасының 04.11.2019 жылы берілген № KZ.T.04.0544 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «КО ТР 018» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын».
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

