«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 26 қаңтардан 2026 жылғы 26 сәуірге дейін ұзартылсын:
1) «Семипалатинский завод масел» ЖШС сынақ зертханасының №KZ.T.17.0646 аккредиттеу аттестаты;
2) Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы сынақ зертханасының №KZ.T.16.0836 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалы сынақ орталығының №KZ.T.13.1037 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі» ЖШС гидробиологиялық зертханасының №KZ.T.02.1661 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

