«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 17 мамырдан 2026 жылғы 17 тамызға дейін ұзартылсын:
1) Петропавл қ., «Завод имени С.М. Кирова» АҚ салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.15.1042 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органның № KZ.O.02.E0196 аккредиттеу аттестаты;
3) Павлодар қ., «Казахстанский проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.14.E0197 аккредиттеу аттестаты;
4) Петропавл қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының сынақ орталығының № KZ.T.15.E0226 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 17 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

