Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 26 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 341 және 342 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық зертханасы, Ақтөбе қ. аккредиттелсін.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «AgroMarketing-Kazakhstan» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
2) «Қашаған құрылыс бірлестігі» ЖШС-ның құрылыс зертханасы,
Ақтөбе қ.;
3) «Naijan Company» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
4) «Семей цемент зауыты «өндірістік компаниясы» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Семей қ.;
5) «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС-ның тексеру зертханасы Степногорск қ.;
6) «Kazakhstan Research and DeveIopment «ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Атырау қ.;
7) «ASIA SERVICE KAZAKHSTAN» ЖШС-ның, мобильді жылжымалы сынақ зертханасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қ.;
8) «Центр Консалтинг» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Алматы қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Қазэкология» Республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) «Қазфосфат» ЖШС-ның «Қаратау «тау-кен өңдеу кешені» филиалының сынақ зертханасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қ.;
3) «BI Astana Roads» ЖШС-ның сынақ зертханасының меңгерушісі Нұр-сұлтан қ.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Жамбыл филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның Тараз қ. (№ 04-2022-01-0514 өтініш);
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Жамбыл филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның Тараз қ. (№ 04-2022-01-0519 өтініш)
3) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Павлодар филиалы өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның, Павлодар қ. (№ 04-2022-01-0508 өтініш);
4) «ЭНЭКО» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
5) «Астанасертификация» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
6) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның орталық органы,
Нұр-Сұлтан қ.
5. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Еңбек жағдайларын сараптамалық бағалау орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6 Атауының өзгеруіне байланысты «Нұралем-Құрылыс» ЖШС-ның сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты «САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС-ның өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 701-ОД 02.06.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

