«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 29 маусымнан бастап 2021 жылғы 29 қыркүйекке дейін ұзартылсын;
Жамбыл облысы, Тараз қ. «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.08.1146;
Петропавл қ. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының өлшем құралдарын салыстырып-тексеру бөлімінің салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.15.0181;
Атырау қ. «Центр Сертификации «Батыс Серт» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы KZ.Q.06.0955;
Атырау қ. «КМГ Инжиниринг» ЖШС ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы KZ.T.06.1755;
Петропавл қ. «Агро-Нан-Экс» ЖШС сынақ зертханасы KZ.T.15.0086;
Петропавл қ. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы KZ.T.15.1158;
Алматы қ. «Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс зертханасы» ЖШС сынақ зертханасы KZ.И.02.0122;
Петропавл қ. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының өлшем құралдарын салыстырып тексеру бөлімінің калибрлеу зертханасы KZ.К.15.1757;
Нұр-Сұлтан қ. «SAPA-A» Фирмасы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы KZ.О.01.0113.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

