«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 26.12.2024 жылғы № 3580-24-00-3ж/337 қаулысына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу 14.06.2021 жылғы № KZ.T.10.E0302 «Центргеоланалит» ЖШС сынақ орталығының 2025 жылғы 17 шілдеге дейін, «Құрылыс және жол материалдары (6.10)» саласында аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
-
Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның веб-сайтына орналастырсын.
-
Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

