«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 28 мамырдан 2024 жылғы 28 тамызға дейін ұзартылсын:
1) Петропавл қ., «Baltic Control KZ Certification» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.15.0307 аккредиттеу аттестаты;
2) Семей қ., «АЙ-АР» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.17.2214 аккредиттеу аттестаты;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Тасқала аудандық бөлімшесінің және (№ 1 Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала) аудандық бөлімшелерінің сынақ орталығының № KZ.T.09.2216 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «Scientia Kazakhstan» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.1485 аккредиттеу аттестаты;
5) Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» АҚ орталық зауыт зертханасының-техникалық бақылау бөлімінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № KZ.T.14.0283 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

