Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабына сәйкес және
2021 жылғы 4 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 171 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының сынақ зертханалардың біліктілігін тексеру провайдері, Нұр-Сұлтан қ.
1.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орта Азия» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы облысы.
1.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ орталық сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қаласы.
«Текелийский энергокомплекс» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы облысы, Текелі қ.;
«АтырауСпецТрансСервис» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.;
«Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

