Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 28 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 26-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар қ., «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының 27.08.2019 жылы берілген № KZ.T.14.0350 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «Атмосфераға өнеркәсіптік шығарындылар (стационарлық көздер, ұйымдастырылмаған көздер)» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

