Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы тамыз айының 03 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 61 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар»
1.1 Келесі ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органдары аккредиттелсін:
Алматы қ., «ТЕКС» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
Алматы қ., «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «SAPA LAB» ЖШС-ң клиникалық-диагностикалық зертханасы аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент
жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органдары аккредиттелсін:
Алматы қ., «Алматы Сертификаттау бюросы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган;
Орал қ., «Ekspert Group» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган.
4. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Жамбыл облысы бойынша филиалының Шу аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы аккредиттелсін.
5. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
5.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Ақтөбе қ., «Ақтөбе мұнай өндеу» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «НИИ» Батысэкопроект» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ЭкоПромМониторинг» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қызылорда қ., «СтандартСтройСервис LTD» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «Қазақтың мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Тараз қ., «Казфосфат» ЖШС-ң сынақ орталығы.
5.2 Келесі ұйымдардың калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң
Батыс Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы;
Атырау қ., «Біріккен кәсіпорын «Казаналит» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
Қарағанды қ., «Тарту-Стандарт» сертификаттау орталығы» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы.
5.3 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Қарағанды қ., «Тарту-Стандарт» сертификаттау орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң
Батыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Атырау қ., «Біріккен кәсіпорын «Казаналит» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Шымкент қ., «Автоматика Прибор Ремсервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Атырау қ., «Бүркіт Сэйфти» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Султан қ., «СМЭУ Астана» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Қарағанды қ., «Энергометросервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
6. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
6.1 Атырау қ., «Бүркіт Сэйфти» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
6.2 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Тараз қ., «Техно прибор Сервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., «Лаборатория-Атмосфера» ЖШС-ң аналитикалық зертханасы.
6.3 ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» талаптарына сәйкес Атырау қ., «Центр Сертификации «Батыс Серт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
6.4 Нұр-Султан қ., «Менеджмент жүйелерін сертификаттаудың республикалық орталығы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының мекен-жайы атауының өзгеруіне байланысты.
6.5 Ақтөбе қ., «Ақбұлақ» АК-ң кәріз тазартқыш ғимараттарының ағанды су сапасын бақылау сынақ зертханасының атауы Ақтөбе қ., «Aqtobe su-energy group» АК-ң кәріз тазартқыш ғимараттарының ағанды су сапасын бақылау сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
7. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3, 4, 5 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
8. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

