«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- «Казахстанский центр метрологии» ЖШС Атырау қ. филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 23 маусымдағы № KZ.P.06.2343 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 23 маусымнан 2025 жылғы 23 қыркүйекке дейін ұзартылсын.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

