Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы мамыр айының 16 күнгі № 141 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ., «Центр научных исследований и экологической экспертизы KazEcoHolding» ЖШС-ң сынақ зертханасына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақыла «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б. С. жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

