Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы 24 мамырдағы
№ 7-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауралар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының 15.04.2021 жылы берілген № KZ.T.16.1095 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «017 КО ТР» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

