Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 19 маусымдағы № 190, №191 және № 192 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Эко-САД» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Семей қ.;
2) «АманСерт» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «Энергосистема» ЖШС-ң оқшаулау, асқын кернеуден қорғау және сынау қызметінің сынақ орталығы, Ақтөбе қ.;
4) «Сертификационный центр OVS» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
5) «АЗИЯIncorporated» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасы, Атырау қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалының Өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органға , Петропавл қ.;
2) «S&T-STANDART» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, №1 өнеркәсіптік аймақ;
3) «Вэст Куалити Контрол» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ң филиалының Мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының сынақ зертханасы, Ақтөбе қ..;
2) «СЖС Қазақстан ЛТД» шетел кәсіпорны ЖШС-ң сынақ зертханасы Павлодар қ.;
3) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң қызметтері өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның Маңғыстау филиалы, Ақтау қ.;
4. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Алматы облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК сынақ зертханасы, Алматы қ. / Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы облысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қ.;
2) «AVTO EXPERT» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасынан, Шымкент қ. / «AUTO EX» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасына, Шымкент қ.;
3) «РауанНалко» ЖШС-ң сынақ зертханасынан, Атырау қ. / «РауанНТех» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Атырау қ.
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «СТРОЙЭКСПЕРТ «сынақ зертханасы» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасына, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Астрахан ауылы.;
2) «Қашаған Құрылыс Бірлестігі» ЖШС құрылыс зертханасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйге Төбе ауылы, Бәйге Төбе ауылы;
3) «Стандарттау және сертификаттау орталығы» ЖШС өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органға, Алматы қ.
6. Аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасынан / Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасына, Астана қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

