«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 18 маусымнан
2025 жылғы 18 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
- Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының құрылыс, өнеркәсіптік, радиоэлектронды және тұрмыстық өнімдерінің сынақ зертханасының № KZ.T.02.0498 аккредиттеу аттестаты;
- Қызылорда қ., «Сыр-Арал сараптама» ЖШС бұзбай бақылау және экологиялық мониторинг жылжымалы сынақ зертханасының № KZ.T.12.1553 аккредиттеу аттестаты.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

