Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 20 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 317 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» «ПАРАСАТ-2050» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган Ақтөбе қ. аккредиттелсін.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
2) «Караганда Энергоцентр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
3) «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
4) «Д. В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты» АҚ-ң коррозия мәселелері бойынша құзіреттіліктің сынақ орталығы, Алматы қ.;
5) «Қазақстан метрология орталығы» ЖШС-ң Ақтөбе қ. филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.
6) «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Өскемен қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы сынақ зертханасы, Өскемен қ.
3. ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі», ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» «Центр качества «Независимый Эксперт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның, Тараз қ.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының өнімнің және қызметтің сәйкестігін растау органы, Павлодар қ. (№ 04-2022-01-0507 өтініш);
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының өнімнің және қызметтің сәйкестігін растау органы, Павлодар қ. (№ 04-2022-01-0530 өтініш)
5. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатын қайта ресімделсін:
1) «GQ-System» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
2) «Жол зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Петропавл қ.
6. Мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Сырласу» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қ.;
2) «Стройкомбинат» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық №663-ОД 25.05.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

